Меню KDT

№81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL"  
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ

 

Все новости

ҚАЗАҚСТАН - ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕКЕНІ

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы! Бүгін 81 "Astana English school" гимназиясында "Қазақстан - татулық пен достықтың мекені" тақырыбында 5-6- сыныптар және 7-10- сыныптар арасында әр түрлі ұлттың би сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 5-6- сыныптар арасында Бас жүлдені голландықтар биін билеген 5 "В" сыныбы иеленсе, 1- орынды ингуш биін билеген 5 "Ә" сыныбы, куба биін билеген 5 "Б" сыныбы, орыс халқының биін билеген 6 "Ә" сыныбы иеленді. 2- орынды украин биін билеген 6 "В" сыныбы, гагауыз биін билеген 5 "А" сыныбы, қазақ биін билеген 6 "А" сыныбы алды.
7-10- сынып оқушылары халықтар достығы биін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені 7 "Ә" сынып оқушылары, 1- орынды 7 "Б" сынып оқушылары, 2- орынды 8 "А" сынып оқушылары, 3- орынды 8 "Ә", 7 "А", 8 "Б", 10 "А" сынып оқушылары иеленді. Бас жүлдеге 5000 теңгелік сертификат, 1- орынға 4000 теңгелік сертификат, 2- орынға 3000 теңгелік сертификат, 3- орынға 2000 теңгелік сертификат табысталды.
1 мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні десек, бұл мерекелік іс – шара осының айқын дәлелі болды. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Ендеше, елімізде бейбітшілік жасасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! Ынтымақтастық жасасын!
28.04
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Послание
Президента

sim1.pngsim2.jpgsim3.jpg

Прогноз погоды

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

Полезные ссылки