Меню KDT
leftbtn1.jpg

Новости

leftbtn2.jpg

Новости

Все новости

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН №81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯСЫ"

Бүгін "Қазақстан - татулық пен бірліктің мекені" тақырыбында 1-2, 3-4- сыныптар арасында биден сайыс өтті. Бір шаңырақтың астында бір атаның балаларындай тату - тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің өнерін жас ұрпаққа көрсету, таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс -шара өте жоғары деңгейде өтті. Осы іс -шарада Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының әртісі, "Серпер" сыйлығының иегері Сая Тоқманғалиева Тұрғазықызы қонақта болып, оқушылардың өнеріне ризашылығын білдіріп, мерекелік құттықтауын арнады.
Аталған іс - шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан сынып жетекшілерге, тәрбиешілерге, оқушыларға, ата -аналарға айтар алғысымыз шексіз.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-2- сыныптар арасында Бас жүлдені 2 "Д", 1 "В" сыныптары иеленсе, І орынды 2 "Е", 1 "Ә" сыныптары, 2- орынды 1 "Б", 2 "В", 2 "А" сыныптары, 3- орынды 2 "Ә", 1 "Г", 1 "А", 2 "Б", 2 "Г", 2 "Ж" сыныптары иеленді.
3-4- сыныптар арасында Бас жүлдені 3 "В", 4 "Ә" сыныптары, 1- орынды 3 "А", 3 "Ә" сыныптары, 2- орынды 4 "Г", 3 "Г" сыныптары, 3- орынды 3 "Б", 4 "А", 4 "Б", 4 "В" сыныптары алды. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
01.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Послание
Президента

sim1.jpgsim2.pngsim3.jpg

Прогноз погоды

Полезные ссылки