Меню KDT

№81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL"  
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ

 

Все новости

Отан қорғаушылар күні

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 4 мамыр күні №81 "Astana English school мамандандырылған гимназиясында" Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. «Жас ұландар» мен «Жас қырандар» құрамына жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар, мектептің үздік оқушылары қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады. Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы, мектеп әкімшілігі, ұлағатты ұстаздар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Құрмет қарауыл ротасының взвод командирі, лейтенант Асқар Сырлыбаев және Ұлттық Ұлан солдаттары табыстады. Жастарымыз бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!05.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Послание
Президента

sim1.pngsim2.jpgsim3.jpg

Прогноз погоды

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

Полезные ссылки