Меню KDT

№81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL"  
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ

 

Все новости

АМАН БОЛ АСЫЛ ҚАРТТАРЫМ!

5 мамыр күні 81 "Astana English school мамандандырылған гимназиясының 5"В" сынып ұстаздары Алиуллаева Айгерім мен Темірлан Ермек оқушыларымен бірге ардақты ардагерлеріміздің бірі Момынқұлов Тұрсынбай атаның үйіне барып, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап шықты. 1926 жылы 9 мамырда дүниеге келген атамыз биыл 92 жасқа толады. Тұрсынбай ата оқушыларға соғыс жылдарынан біраз əңгімелеп берген екен. 1943 жылы 17 жасында Ұлы Отан соғысына алынған. Бауыржан Момышұлымен бір отрядта болған. Тұрсынбай ата Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа қызыл жалау тіккен сәтті өз көзімен көріп, кейін 5 жыл бойы Берлинді күзетуге қалғандығын, соғыс кезіндегі фашистердің сөйлеген сөздері әлі күнге жадында сайрап тұрғанын айтады.
Оқушылар атаның əңгімесін тыңдап, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, ұзақ өмір мен зор денсаулық тіледі. Ата оқушыларға өтірік айтуға болмайтындығын, адал болу керектігін айтып, заманымыз тыныш болсын, елімізде аманшылық болсын , қиыншылықтардың бәрі бізбен кетсін, жастар қиыншылық көрмесін , жаңа ұрпақтар білімд, оқымысты болып қазақтың беделді азаматттары болсын деген тілегін білдіріп, батасын берді. Аман болыңыз, ата!
07.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Послание
Президента

sim1.jpgsim2.pngsim3.jpg

Прогноз погоды

Полезные ссылки